Денсаулық – әрқайсымызда бар ең қымбат нәрсе. Жақсы денсаулық адамға өмірдің әр сәтінде толыққанды өмір сүруге және оның шексіз мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Санофиде біз мұны жақсы түсінеміз және жыл сайын жүздеген елде, миллиардтан астам адамдарға уақыт сынағынан өткен дәрі-дәрмектерді ұсынып келе жатырмыз. Сонымен қатар өз тәжірибемізбен бөлісіп, салауатты өмір салтын ұстануға талпындыру арқылы, өзімізге қамқорлық жасауға үйретеміз.

Өзіңізге қамқорлық жасай отырып, айналаңыздағы әлемге қамқорлық жасау

Өзін-өзі күтуге жауапкершілікпен қарау әл-ауқатты жақсартуға, аурудың асқынуын болдырмауға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Біз Санофиде әрбір адам үшін өзін-өзі күту мүмкіндіктерін кеңейттік, өйткені біз сенеміз: бұл жеке адамның өмірін жақсы жаққа өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ гүлденген қоғамды қалыптастыруға ықпал етеді және тұрақты денсаулық сақтау жүйелерін құруға айтарлықтай үлес қосады. Сіздің денсаулығыңызға мұқият болуыңыз, жылына шамамен 119 миллиард АҚШ долларын, сондай-ақ ауыр науқастарды қарауға жұмсалатын дәрігерлердің шамамен 1,8 миллиард жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді[1].

Қоғам мен планетаның денсаулығы бір-бірімен тығыз байланысты екенін түсіну арқылы, біз қоршаған ортаға әсерді азайту үшін өнімдеріміздің өмірлік цикліне, көміртегі бейтараптығына және тұрақты бизнестің басқа аспектілеріне назар аударамыз.

Сіздің әл-ауқатыңызға бірлесіп күш саламыз

Әр адам өз денсаулығына қамқорлық жасау туралы шешім қабылдауы керек. Ал біз өз кезегінде өзімізге күтім жасаудың тиімді шешімдерін ұсынамыз және барынша қолдаймыз.

Ең жақсы ғылыми жетістіктер мен әлемдік сапа стандарттары бізге ауырсынуды, аллергия белгілерін, суық тиюді, соның ішінде жөтелді, ас қорыту жүйесі мен бауыр ауруларын жеңуге көмектесетін дәрілерді жасауға мүмкіндік береді.

Бауыр денсаулығы

Бауырды адамның екінші жүрегі деп атайды [2]. Ол организмде көптеген маңызды функцияларды орындайды, соның ішінде токсиндерді бейтараптандыру, ферменттер синтезі және өт секрециясы [3].

ДДҰ мәліметтері бойынша, шамамен 325 миллион адам немесе планета халқының 4%-ы гепатит вирустарының әртүрлі түрлерінен туындаған созылмалы инфекциямен өмір сүреді [4], ал алкогольсіз майлы бауыр ауруы ересектердің 20-33%-да кездеседі [5]. Бұл көрсеткіштер күн санап артуда. Өйткені қимылсыз өмір салты, дұрыс тамақтанбау және уақытылы диагноз қоя алмау жағдайды одан әрі нашарлатады.

Ал сіз сол қауіп төнгендер қатарында емессіз бе? Тәуекелге ұшырағаныңызды қалай анықтауға болады? Сынақ тапсырып, аурудың даму ықтималдығын анықтаңыз. Егер тест жоғары қауіпті көрсетсе, ультрадыбыстық зерттеу өтуді ұсынамыз. Уайымдамаңыз – салауатты өмір салты мен дәрі-дәрмектерді қолдану бауыр жасушаларының қалпына келуіне көмектеседі.

Витаминдер мен минералдар

Витаминдер мен микроэлементтер дененің өсуі мен дамуы үшін маңызды рөл атқарады [6]. Өкінішке орай, дәрумендер мен микроэлементтер әрдайым тамақ арқылы жеткілікті мөлшерде ағзаға берілмейді. Витаминдер мен минералдардың жетіспеушілігі әл-ауқатқа, инфекцияларға төзімділікке және ағзаның жұмысына әсер етуі мүмкін. Егер сіз тез шаршап, тез ашуланатыныңызды байқасаңыз – ағзада магнийдің жетіспеушілігі орын алуы мүмкін [7]. Магний жетіспеушілігі көбінесе адамның стресс жағдайында болады. Магнийге деген ағзаның күнделікті қажеттілігі қамтамасыз етілсе, дененің эмоционалды кернеуге төзімділігі артады [8].

Ас қорыту жүйесінің қызметі

Асқорыту жүйесі бүкіл ағзаны энергиямен және отынмен қамтамасыз етеді, сондықтан біреу асқазан-ішек жолдарының бұзылуынан зардап шегетін болса, оның өмірі тоқтап қалды деп айтуға болады. Дүние жүзінде адамдардың 40% - ы іш қату, асқазанның бұзылуы немесе диарея сияқты ас қорыту белгілерінен зардап шегеді, бұл олардың өмір сүру сапасына және медициналық қызметтерді көптеп пайдалануға әсер етеді [9]. Біз әртүрлі бұзылулармен күресу арқылы ішектің жұмысын жақсартатын және асқазан-ішек жолдарының қызметін реттейтін гастроэнтерологиялық препараттардың кең ауқымын ұсынамыз.

Аллергия

Ғылыми зерттеулердің деректері бойынша Қазақстанда қала тұрғындарының 15-20% - ы және ауыл тұрғындарының шамамен 10-15% - ы аллергиялық ринитке шалдыққан [10]. Аллергия бізді әдеттегі өмір салтымыздан айырады. Мұрынның қышуы, түшкіру және мұрыннан су ағу әрқашан күнделікті өмірден ләззат алуға мүмкіндік бермейді.

Біз аллергия үлкен қиындық тудыруы мүмкін екенін айқындаймыз және көздің қышуы, түшкіру және мұрыннан су ағу сынды белгілер күнделікті белсенді өмірге кедергі келтіретінін жақсы түсінеміз. Біз аллергиясы бар адамдардың қажеттіліктерін білеміз және біздің ассортиментімізде әр адамның аллергияға қатысты нақты қажеттіліктеріне тиімді жауап беретін бірқатар инновациялық және пайдалы өнімдер бар.

Жөтел, суық тию және тұмау

Суық тию – ересектер мен балаларда да жиі кездесетін аурулардың бірі. Біздің брендтерге бүкіл әлем бойынша сенім артылған, ал олардың кейбіреулері нарықта 50 жылдан астам уақыт бой қолданыста. Қазақстанда тыныс алу органдарының аурулары жалпы сырқаттанушылықтың 30% немесе 100 000 тұрғынға шаққанда 29 400,1 жағдайға дейінгі көрсеткішті құрайды [11].

Ауырсыну синдромы

Ауырсыну – әлемдегі медициналық көмекке жүгінудің ең көп таралған себептерінің бірі. Созылмалы ауырсынудан зардап шегетін адамдардың саны 30% - ға жетеді [12], сондай-ақ өткір ауырсыну жағдайлары одан да көп. Салауатты өмір салтының серіктесі ретінде біз тұтынушыларға ауырсынуды жеңілдететін толық шешімдердің біртұтас спектрі арқылы сау және қанағаттанарлық өмір сүруге мүмкіндік беруге тырысамыз.

Әр адамның денсаулығы – бұл жеке құндылық, бірақ сонымен бірге оның үлкен әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар. Сіздің әл-ауқатыңызды бақылай отырып, сіз салауатты қоғам құруға көмектесесіз және болашақ ұрпақтың өзіне қамқорлық жасау әдетін қалыптастырасыз. Біз сізді осы жолда қолдаймыз, өйткені біздің міндетіміз – бүкіл әлемдегі адамдарға салауатты өмір сатын ұстануға көмектесу.

Мәлімет көздері:

  • 1. What is self-care? // www.selfcarefederation.org URL: https://www.selfcarefederation.org/what-is-self-care (жүгінген күні: 20.09.2022).
  • 2. Бербнер-Грищенко О. Адамның «екінші жүрегі». «Neue Zeiten» ақпараттық журналы, 2016 ж
  • 3. Liver: Anatomy and Functions // www.hopkinsmedicine.org URL: https://www.hopkinsmedicine.org/health/conditions-and-diseases/liver-anatomy-and-functions (жүгінген күні: 20.09.2022).
  • 4. Зерттеу: «Гепатит» нозологиясы //https://expertnw.com/ URL: https://expertnw.com/naglyadno/otchyet-po-nbsp-nozologii-gepatit/ ( жүгінген күні: 20.09.2022).
  • 5. Бауырдың алкогольсіз майлы ауруын диагностикалау және емдеу. РҒА академигі, профессор В. Т. Ивашкиннің редакциясымен, Мәскеу, 2015 ж
  • 6. Витаминдер мен микроэлементтердің адам өміріндегі рөлі // gcmp.ru URL: https://gcmp.ru/doc_vitarole/ (жүгінген күні: 20.09.2022).
  • 7. Е. С. Акарачкова, 1. Магний тапшылығы. Невропатологтың тәжірибесіндегі жағдайлар. «РМЖ» тұрақты шығарылымдары 2010.11.24 №26 1628 бет
  • 8. Е.С. Акарачкова. Балалар мен жасөспірімдердегі стрессті және оның салдарын емдеу және алдын алу негіздері / С. В. Вершинина, О.В. Котова, И. В. Рябоконь / / «Қазіргі педиатрия мәселелері» журналы - 2013 ж. – №3, 12 том. – с. 38-42
  • 9. Sperber AD, Bangdiwala SI, Drossman DA, et al. (2021) Worldwide prevalence and burden of functional gastrointestinal disorders, results of Rome Foundation Global Study. Gastroenterology 160:99-114.e3; DOI: 10.1053/j.gastro.2020.04.014
  • 10. Нурпеисов Таир Темырланович ҚАЗАҚСТАН АЛЕРГОЛОГИЯСЫ: ТАБЫС ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ // ҚазҰМУ хабаршысы. - 2018. - №616-056.3(574). - Б. 2.
  • 11. Тыныс алу органдарының аурулары – оҚазақстанда ең көп таралған аурулар // online.zakon.kz URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31609317&pos=3;-81#pos=3;-81 (жүгіну күні: 20.09.2022).
  • 12. С.П. Коен. Созылмалы ауырсыну: ауыртпалық, озық тәсілдер және жаңа жетістіктер туралы соңғы мәліметтер. The Lancet, Vol. 397, No. 10289, 2021

MAT-KZ-2200281 / v1.0 / 11.22